Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған республикалық дзюдо турнирі мәреге жетті

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Х ашық республикалық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың бас хатшысы Мереке Айтқалиевтің мәлім еткеніндей, екі күнге созылған дәстүрлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресейдің көршілес Саратов облысынан 265 спортшы қатысып, бақ сынады.

Турнир қорытындысында салмақ дәрежелері бойынша мына дзюдошылар жеңімпаз-жүлдегер атанды.

Ерлер:

60 кг

1.Нұрдәулет Смедиев

2.Нұрдәулет Аманқосов

3.Жақсыбек Жеңісбек (үшеуі де Қызылорда облысынан)

3.Шерхан Бақтығалиев (БҚО).

66 кг

1.Азамат Жексенбай (Атырау)

2.Әділбек Берікұлы (Қызылорда)

3.Сұңғат Жұбатқан (Маңғыстау)

3.Нұрзат Сәлімбаев (Жамбыл).

73 кг

1.Асқар Нарқұлов (Маңғыстау)

2.Сапар Абылайсанов (Жамбыл)

3.Манарбек Сағатбеков (республикалық мектеп-интернат)

3.Ілияс Нүсіпбаев (Алматы обл.).

81 кг

1.Айғали Қалдыбек (Қызылорда)

2.Заңғар Жұмаділов (республикалық спорт колледжі)

3.Бақтияр Ақзамов (ШҚО)

3.Саламат Жұрқабаев (Қызылорда).

90 кг

1.Ермахан Әнуарбеков (ШҚО)

2.Қуаныш Ратаев (ШҚО)

3.Нұрбек Ортай (Жамбыл)

3.Аян Байғазы (Алматы обл.).

100 кг

1.Айбек Серікбаев (Қызылорда)

2.Әділет Мисин (Ақтөбе)

3.Қуандық Стамполов (ШҚО)

3.Айбек Ізтелеуов (Алматы қ.).

+100 кг

1.Санжар Жабборов (Алматы қ.)

2.Аслан Мұхаметжанов (Қарағанды)

3.Серік Сәлменов (Павлодар)

3.Симық Жапаров (РСК).

Әйелдер:

48 кг

1.Ғалия Тынбаева (Алматы қ.)

2.Әйгерім Төреғожина (Атырау)

3.Сара Құлым (Түркістан)

3.Айдана Хасенқызы (РСК).

52 кг

1.Бибіхан Нәбиева (Қызылорда)

2.Айшабибі Мұрадимова (РСК)

3.Жансая Қамидоллаева (БҚО).

57 кг

1.Әнел Мұқан (Қызылорда)

2.Гүлнара Ибраева (Қостанай).

63 кг

1.Алтынай Нұрханова (Павлодар)

2.Ақтоты Зарип (Қызылорда)

3.Нұржамал Әбсадықова (Нұр-Сұлтан)

3.Ақарна Мұхамбетова (БҚО).

70 кг

1.Перизат Жақыпбекова (Түркістан)

2.Екатерина Токарева (Алматы қ.)

3.Пернеш Серікова (Ақтөбе)

3.Дильназ Мұстафина (Атырау).

78 кг

1.Анастасия Морозова (Алматы қ.)

2.Лаура Жәнібекова (Қарағанды)

+78 кг

1.Анар Сейтімова (БҚО)

2.Нұрғаным Тұршабек (Қызылорда)

3.Алина Өмірбек (Шымкент).

«Бұл жарыстың ерекшелігі, бірінші орын иегерлеріне ҚР спорт шебері атағы беріледі», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Айтқалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қазақстан Барысына» Батыс Қазақстаннан екі балуан баратынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар