Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.80 EUR 429.27
RUB 5.78 CNY 54.89
Jańalyqtar

Алматыда манипулятор басып қалған 3 адамның жағдайы мүшкіл

2019 жылғы 15 мамыр 16:29 1550
Бөлісіңіз:
Алматыда манипулятор басып қалған 3 адамның жағдайы мүшкіл

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері ауыр техника астында қалған үш адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«53 жастағы әйел мидың ауыр жарақатымен түсті. Субарахноидалды қан кеткен. Оң жақ иығының астыңғы тұсы ашық сынған. Кеуде қуысының жабық жарақаты бар, оң жағында 10 қабырға сынып кеткен, травматикалық шоктың үшінші дәрежесінде түсті. Шұғыл ота жасалған. Пациенттің жағдайы өте ауыр. Комада жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
49 жастағы екінші әйел пациенттің миы жарақаттанған. Сол жақ жамбас сүйегінің шашыраңқы сынған, сол жақ асықты жілігінің буыны сынып кеткен. Тағы да басқа жарақаттары бар. Бұл әйелдің жағдайы да ауыр. Бірақ есін біледі.
Үшінші пациент 32 жастағы ер адам ауыр ми жарақатымен, самай сүйегінің сынығымен түсті. Қазір онда пневмоцефолия, ашық шашыраңқы сынық бар. Сол жақ асық жілігінің терісі жыртылған. Шұғыл ота жасалды. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бірақ есін біледі»,- деді №7 қалалық клиникалық ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Есенай Еспенбетов.

Еске сала кетсек, оқыс оқиға бүгін «Әйгерім» шағын ауданында болған. Манипулятор кранның тіреуі тайып кетіп, ауыр техника көшеде кетіп бара жатқан үш адамды басып қалды. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT