«Маңғыстаумұнайгаздың» лауазымды тұлғалары қамауға алынды

2020 жылғы 13 тамыз, 20:19
«Маңғыстаумұнайгаздың» лауазымды тұлғалары қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар 455 млн теңгені жымқырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті 12 тамызда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ департамент директоры мен орынбасарын уақытша қамауға алды.

Күдіктілер 2017-2018 жылдар аралығында «ММГ» АҚ-ның құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу туралы жалған шарт жасауға қатысқан.

Іс жүзінде бұл жұмыстарды орындау қажеттілігі болмаған.

Келісім бойынша орындаушы «ММГ» АҚ үшін ешқандай қызмет орындамаған жалған тұлға болған.

Яғни, 455 млн теңге мөлшеріндегі қаражатты жалған тұлға қолма-қол ақшаға айналдырып, кейіннен «ММГ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына берген.

Тергеу жалғасып жатыр.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar