+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Маңғыстаулықтардың көлік салығы бойынша қарызы 1 млрд теңгеден асты

2021 жылғы 5 мамыр 12:40
Бөлісіңіз:
Маңғыстаулықтардың көлік салығы бойынша қарызы 1 млрд теңгеден асты

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулықтардың көлік салығы бойынша қарызы 1 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Маңғыстау облысы бойынша кірістер департаментінің хабарлауынша, өңірде 33 828 адамның мемлекет алдында қарызы 1 014 млн теңгені құрайды. Қарыздың 736 504 мың теңгесі қарыздың негізгі сомасы болып табылады. Қалған 277 млн теңге — есептелген өсімпұл.

«Ең үлкен қарыз — Ақтау қаласында. Облыс орталығының тұрғындары көлік салығы бойынша 626 383 млн теңге қарыз. Одан кейін Жаңаөзен қаласына келеді. Бұл қаладағы автокөлік иелері 161,5 млн теңге көлемінде салық төлемеген. Мұнайлы ауданы қарыз мөлшері бойынша алғашқы үштікте – 116,0 млн теңгеге жуық қарызы бар», - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексіне сәйкес салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін, мерзімі өткен әр күн үшін өсімпұл есептелетінін еске салады. Салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын орнатып, салық бойынша қарыз көлемін біліп, онлайн төлеу жеткілікті. Сондай-ақ, маңғыстаулықтар екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT