Маңғыстаулықтар Ұлыстың ұлы күнін қалай атап өтеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда Ұлыстың ұлы күні тойлана ма? Бұл сұраққа бүгін облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев жауап берді.

Өңірдің бас санитариялық-эпидемиологиялық департамент басшысының айтуынша, 17 наурыз күні өңірдегі коронавирус инфекциясы бойынша репродуктивті көрсеткіш 1,05 құрады. Осыған байланысты, барлық мерекелік шараға тыйым салынған.

«Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында алдағы мейрамға қарсы қатаң локдаун жарияланды. Біз де сақтық шараларын есімізден шығармайық. Ұлыстың Ұлы күнін үйде отырып, өз отбасымен тойлаған дұрыс. Өйткені, адамдардың сыртта жиі жүруі, бір-бірімен тығыз қарым-қатынасы коронавирус індетінің өршуіне әкеледі», - деді Ғазиз Надуев.

Айта кетейік, бұған дейін бас санитар дәрігер Маңғыстауда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейгенін айтқан болатын.

Ғазиз Надуевтің мәліметінше, 17 наурыз күні өңірдегі коронавирус инфекциясы бойынша репродуктивті көрсеткіш 1,05 құрады. Осыған дейін бұл көрсеткіш 0.6, 0.7 болған.



Соңғы жаңалықтар