Маңғыстаулықтар Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Амал келді - жыл келді! Маңғыстаулықтар наурыз мейрамын тойлауды бүгін бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

300-ге жуық салт атты қатысқан «Ұлы дала» көші Ақтаудан шығып, Отпанға аттанды. Қалада арнайы концерт ұйымастырылып, театрландырылған көрініс қойылды. Шарада ұлттық киім, салт-дәстүр, жылқы мінген ерлер, бүркіт ұстаған саятшылар көптің көңілін аударды. Әлімсақтан бастап қазақтың кең даласында жүрген қазақ жұртының ең салтанатты шеруі бүгінгі «Ұлы көш» болды. Өңір тұрғындары жарыса атқа қонып, көшті Ақшұқыр ауылына қарай алып кетті.

«Көктем мейрамы құтты болсын. Маңғыстау ауданынын бүркіт алып келдім. Байрақ деген бүркіт. Маңғыстаудың намысын түрлі сайыста қорғап жүр», - дейді саятшы Айшуақ Тайманов.

«Амал күні қазағым көріседі, көрісу, бұл - көненің желісі еді, «Жасың құтты болсын!» деп жамырасып, ақ ниетпен адал қол беріседі» демекші, мен де бүгін «Ұлы көшке» қатысып жатырмын. Ат құлағында ойнап өссек те, жылқыға күнде міне бермейміз. Мінеки, бүгін нағыз қазақылықтың көрінісін көріп тұрмын. Маңғыстаудың ерекшелігі де осында», - дейді облыс тұрғыны Бердіхан Әлмен.

null null

Соңғы жаңалықтар