Маңғыстаулықтар Астананың жаңа атауын қолдайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулықтар Астананың атауын Нұр-Сұлтанға өзгерту туралы тарихи шешімді қолдайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс орталығына 200-ге жуық жергілікті тұрғын жиналып, өз тілектерін жеткізді. Жиналғандар арасында жастар, мұнайшылар, зиялы қауым мен ардагерлер бар. Мерекелік шараға мектеп оқушылары мен өнерпаздар да атсалысты.

«Елордаға Нұрсұлтанның есімін беру - елді бір арнаға ұйымдастыра білген көшбасшысына деген ризашылығы деп түсіну керек», - дейді олар.

Акцияға өңірге іссапармен келген Nur Otan партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев та қатысты.
null

«Елбасы өзі Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынды былай деген болатын: «Елді бастау - маған сын. Мені қостау - елге сын!» Міне содан Тұңғыш Президент - Елбасы халқымен бірге еліміздің саяси-экономикалық дамуына атсалысып, еліміздің өркендеуіне, көркеюіне үлес қосты. Енді ел тізгінін келешек ұрпаққа, жаңа буынға тапсырды. Біздердің мақсатымыз - Қазақстанның дамуындағы ең асыл құндылығымыз - Тәуелсіздігімізді биік ұстай білуіміз керек», - дейді Nur Otan партиясының xатшысы Қаныбек Жұмашев.

null

Соңғы жаңалықтар