+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Маңғыстаулықтар ақылы жолдарда жүк көліктеріне абонемент енгізуді ұсынды

2021 жылғы 26 ақпан 02:00
Бөлісіңіз:
Маңғыстаулықтар ақылы жолдарда жүк көліктеріне абонемент енгізуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстаулықтар ақылы жолдарда жүк көліктеріне абонемент енгізуді ұсынды. Бұл бастама Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарында өткен «Ақтау-Бейнеу» жол учаскесінде ақылы жүйені енгізу мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауда айтылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының ерекшелігі, өңірдің экономикасы көлік тасымалымен тығыз байланысты. Сондықтан ақылы автожолдар бойынша өңірде өткен барлық қоғамдық тыңдауларда жиі көтерілген мәселелерінің бірі жүк көліктеріне жеңілдіктер қарастыру болды. Атап айтқанда, тұрғындар облыс ішінде ауыр автокөліктердің жүруі үшін қолжетімді жылдық абонементтерді қарастыруды сұрады.

Сондай-ақ, әр ауданда жергілікті тұрғындар ақылы жолдардың бойында, олардың техникалық санаттарға жататындығына қарамастан, жүргізушілерді үй-жануарларынан қорғайтын қоршауларды орнатуды, сондай-ақ мал өткелдерінің санын арттыруды, арнайы ескерту белгілерін және жануарлардың жолға шығуы мүмкін жерлерде жарықтандыру орнатуды сұрады. Белгілі болғандай, аймақта түнде ірі қара малдың жол үстіне шығып кетуі өте жиі кездеседі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау филиалы директорының орынбасары Қажымұрат Суйебаев қазіргі уақытта Ақтау мен Жетібай ауылы арасында малдан қоршау орнатылғанын, сондай-ақ мал өткелдерінде жарықтандыру бағаналарын орнату қарастырылғанын хабарлады. Оның айтуынша, осындай шаралар Жетібай мен Шетпе арасындағы учаскеде де жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысында өткен қоғамдық тыңдауларға жергілікті тұрғындардың барлық сұрақтары мен ұсыныстары хаттамаға енгізіліп, шешім қабылдау үшін ұлттық компания басшылығына тапсырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT