Маңғыстаулық зілтемірші ару: ауыр көтеру әйелге тән емес дегенге келіспеймін

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаулық 36 жастағы Жадыра Бермұхамбетова ауыр көтеру әйелдерге тән емес дегенге келіспейді. Өйткені ол пауэрлифтинг және зілтемірді жатып сығымдап көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атанған.

Бала жасынан спортқа үйір Жадыра 200 келілік гір тасын көтеріп Қазақстанда рекорд орнатып та үлгерген. Азия чемпионатының 4 дүркін чемпионы. Сонымен қатар Азия рекордсмены және абсолюттік Азия чемпионы, әлемнің 3 дүркін күміс жүлдегері және Әлем чемпионы.

Жадыра Бермухамбетова жетістікке жетудің төте жолы тынымсыз еңбек пен спортқа деген сүйіспеншілік екендігін айтады.

«Түрлі салмақ дәрежесінде ауыр көтеруді әдетте әйелдерге тән емес деп есептейтіндер бар. Алайда мен бұл пікірмен келіспеймін. Табанды еңбек пен талпыныс, мақсатты, үздіксіз жаттығулар кез келген спорт түрінде жетістікке жетелейді. Әрине, бұл оңай дүние емес, бірақ спортта бәрі де мүмкін» - дейді Жадыра Бермұхамбетова.


Соңғы жаңалықтар