Маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі халықаралық байқаудың бас жүлдесіне ие болды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі Армения астанасы Ереванда өткен халықаралық «DANCE SUPER STAR-2022» би байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауға Армения, Грузия, Ресей, Беларусь елдерінің ең үздік би ұжымдары қатысқан. Көрермен мен қазылар алқасының назарына ұсынылған 47 би қойылымы арасында «Жорға» би ансамблі фольклорлық бағдарламасымен топ жарған.

Атап айтсақ, маңғыстаулық бишілердің шебер орындауындағы «Құсбегі» биі 1-орынды, «Бастаңғы» биі гран-при және «Салтанат» биі супер гран-при жүлдесін алған.

«Бұл байқау осымен 5-рет өткізіліп отыр. Қазылар алқасы құрамында Италия, Болгария, Ресей елдерінің мамандары болды. Біз фольклорлық бағытта ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, бозбала мен бойжеткен арасындағы сезімді, беташар рәсімін би арқылы көрсеттік. Ансамбльді дайындауда еңбектенген Ерлан Матайбаев, Айнұр Сариева, Қуандық Баянбердиев, Қуандық Таңатаровқа алғысым шексіз. Бұл жеңіс ұжымның 25 жылдығы аясында бишілерге керемет мотивация болды», - деді «Жорға» би ансамбілінің жетекшісі Серік Сариев.


Соңғы жаңалықтар