Маңғыстаулық жастар «Киелі табиғат» экологиялық жобасына қатысты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқапарат – Елімізде жастар арасында экологиялық сана мен мәдениет деңгейін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, әрбір елді мекенде экологиялық жағдайды түзету мақсатында «Киелі табиғат» экологиялық жобасы бастау алды. Осыған орай Маңғыстаулық жастар да экологиялық жобадан тыс қалмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба аясында Маңғыстау облысының жастары мен волонтерлері бірлесіп 14 шағын ауданда 40-қа жуық ағаш көшетін отырғызды. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, саябақтарды күл-қоқыстардан тазартты.

Экологиялық жоба 15 мамыр күні жастар және волонтерлер ұйымдарының қатысумен барлық өңірлерде парктер мен скверлерді тазалау мақсатындағы «Таза парктер» экологиялық акциясымен және 25 мамыр күні барлық өңірлерде «Киелі Табиғат» экологиялық плоггинг өткізу шараларымен жалғаспақ.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның «Киелі табиғат» экологиялық акциясын бастап бергенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар