Маңғыстаулық жастар «Ананың ақ сүті» қойылымын тікелей эфирде сахналады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясының қолдауымен саяси ұйымның Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақжол-жастар» жастар қанатының әуесқой әртістері «Ананың ақ сүті» қойылымын әлеуметтік желіде тікелей эфирде сахналады.

Драматург, Өтен Ахметтің туындысы – жастарды ананың ақ сүтін ақтауға шақырады. Сондай-ақ, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі - жастардың жат ағым жетегіне ермей, адами қасиеттерді дәріптеуге үндейді.

«Қойылымда отбасы мен дәстүрлі діннен, адамгершілік қасиеттерден қол үзбеу керектігі және діни сауатсыздықтың құрбаны болған қазақ жастарының тағдыры мен бір ғана отбасындағы жағдай арқылы қоғамдағы трагедия көрсетіледі. Спектакльде діни сауатсыздың құрбаны болған, мүгедек анасынан бас тартып, қарттар үйіне тапсырып жіберген жас жігіттің өмірі көрініс тапқан. Қарттар үйінде қалған бейшара халдегі ананың перзентіне деген сағынышы, күйбең тірліктен шаршап, ауру енесіне шыдамаған келіннің қателігі мейірімді достың жанашырлық әрекеті бейнеленеді», - деді басты рөлді сомдаған Еламан Рахман.


Әсел Тұмаш


Соңғы жаңалықтар