Маңғыстаулық жас шебер ат әбзелдерін жасайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Сам ауылында тұратын 22 жастағы Қаршыға Дәлубекұлы ғасырлар бойы қалыптасқан қолөнерді дамытып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Қаршыға Дәлубекұлының қолынан шыққан бұйымдарға сұраныс жоғары.

Шебер бала кезінде атасынан ат әбзелдерін жасауды үйреніпті. Ер тоқым, желдік, терлік, тартпа мен аттың тұяқтығын дизайнмен жарасымды етіп жасайды.


«Атамның ағаш сандықтан бастап әртүрлі бұйым жасағанын, ал нағашы атамның көрікпен қырықтық соққанына қызығатын едім. Ер-тұрманның жабдықтарын өзім қолдан жасаймын. Осы уақытқа дейін 20-ға жуық қазақ ерін жасап шығардым. Қазір түлкі терісін илеп, бөрік тігуді бастадым»,- дейді Қаршыға Дәлубекұлы.

Жас шебер алдағы уақытта «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлеке ттік қолдау шараларына қатысып, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар