Маңғыстаулық жас дәрігер: Жалақының 30%-ға өсуі үлкен көмек болды

None
None
ҚАРАҚИЯ. ҚазАқпарат - Медицина қызметкерлері жалақысының 30%-ға өсуі ауыл мамандары үшін үлкен көмек болды. Қарақия аудандық орталық ауруxанасының дәрігері Ақерке Ақылбаева осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас дәрігер «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық елді мекеніне оқу бітірген соң келген. 2017 жылдан бері Қарақия аудандық ауруxанасында еңбек етеді.

«Бірреттік көтерме жәрдемақы алдым, үй алуға пайызсыз несие берді. Сондықтан ауылдық жерге қызмет етуге келгеніме өкінбеймін. Маусым айынан бастап айлығымыз 30% ға көтерілді, біраз жақсы болып қалды. Бұл біздер үшін үлкен көмек болды»,-дейді Ақерке.

Жалпы, өңірдегі ақ халатты абзал жандардың еңбеқасы үшін бюджеттен 1 млрд 880 млн теңге бөлінген. Маусым айының жалақысына оның 228 миллионы жұмсалған.

Бүгінде облыста 1600 дәрігер, 400 мыңға тарта мейірбике қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар