Маңғыстаулық жалған кәсіпкер 7 жылға сотталуы мүмкін

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жұмыс толықтай атқарылды деп құжат жазып берумен айналысып келген жалған кәсіпкер осы әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жыл өмірін абақтыда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі өкілдерінің жұмыстың атқарылған-атқарылмағандығына қарамастан, қажетті құжаттарды рәсімдеп берумен айналысып келген жалған кәсіпкердің әрекетін әшкерелеуге бағытталған шаралары нәтижелі болды.

А. атты азамат арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында 22,5 млн теңге көлемінде сыйақы алмақ болған кезінде қолға түсті.

«Ол екі компанияның арасындағы құны 225 млн теңге болатын атқарылмаған жұмыстарды атқарылды деп құжат рәсімдеп беру үшін, яғни шығынды жабу үшін делдал қызметін атқарған. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 216 бабы 2 тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеу өндірісі жүріп жатыр. Жалған кәсіпкер 7 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,-деді Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Мақсат Ақмұратов.

Соңғы жаңалықтар