+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Маңғыстаулық зергердің бұйымдары Ресей мен Украинада сұранысқа ие

2020 жылғы 29 қараша 16:33
Бөлісіңіз:
Маңғыстаулық зергердің бұйымдары Ресей мен Украинада сұранысқа ие

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жастайынан қолөнер бұйымдарына қызығып өскен маңғыстаулық зергер Нұрсейіт Өркен бүгінде түрлі бұйымдар жасаумен айналысады.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік кәсіпкер 9 оқушысы бар ауылға мектеп салып берді 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14 пайызға дейін қысқарады Абылай Мырзахметов: «Бастау бизнес» халқымыздың еріншек емес екенін көрсетті

Ол өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,5 млн теңге көлемінде грант ұтып алған.

Қаражатқа құрал-жабдық сатып алып, зергерлік бұйымдар жасайды.

«Мектепте оқып жүрген кезден бастап ағаш пен ермексаздан мүсін жасауды ұнаттым. Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәнді-қолданбалы өнер колледжіне түсіп, көркемдеп металл өңдеуші мамандығын және Абай атындағы институтта бейнелеу өнері және сурет салу факультетінде оқып бітірдім. Оқуымды аяқтаған соң Алматы қаласында кішігірім цехта зергердің көмекшісі болып жұмыс жасадым. 2018 жылы Ақтау қаласында зергер-жөндеуші, сәнгер-дизайнер болып қызмет атқардым»,- дейді жас кәсіпкер.

Нұрсейіт Өркен әртүрлі металлдан сырға, сақина, алқа, монеталар жасайды.

Жас кәсіпкердің айтуынша, Ресей, Украина еліндегі зергерлердің тапсырысы бойынша 3D модельде жасаған жұмыстары да бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT