Маңғыстаулық волонтерлер бір жылдағы жұмыстарын қорытындылады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы «Волонтерлар корпусы» тобы бір жылда атқарған жұмыстарын қорытындылады. Топқа мүше 300-ге жуық жас қайырымдылықпен айналысып, қоғамдық шаралардың басы-қасында жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар биыл «Жүрегі толы мейірім» жобасы аясында 180 отбасыға әлеуметтік, жалғызбасты 123 жанға атаулы көмек көрсеткен. Сонымен қатар «Волонтерлар корпусы» 38 облыстық, 11 республикалық және 7 халықаралық деңгейдегі шарада қызмет еткен.

Жастар 2017-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында толассыз жауын-шашыннан болған тасқыннан зардап шеккендерге 400 келі, Түркістан облысының Арыс қаласында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге 4 тонна гуманитарлық жүк жинап, жөнелткен. Дәл осы корпус Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы мен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысына ие болды.

Сонымен қатар шара барысында өңірімізде тұңғыш рет тағайындалған «Волонтерлар корпусының» сыйлығы табыс етілді. Бұл – жастар тобымен жобаларды жүзеге асырып, қоғамдық қызметте айтарлық жетістікке жеткен волонтерларды ынталандыру мақсатында тағайындалған марапат. Биыл сыйлық пилоттық нұсқада «Волонтерлар корпусы» мүшелері арасында «Үздік волонтер», «Көшбасшы волонтер», «Мейірімді волонтер» және «Үздік координатор волонтер» аталымы бойынша тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар