Маңғыстаулық велоспортшы халықаралық «Silk Road Namangan» жарысының күміс жүлдегері атанды

None
Фото: Маңғыстау облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстаулық велоспортшы Дмитрий Носков халықаралық «Silk Road Namangan» жарысының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24-26 наурыз аралығында Наманган қаласында (Өзбекстан мемлекеті) велоспорттан ерлер мен әйелдер арасында «Silk Road Namangan» халықаралық турнирі өтті. Барлығы 60 шетелдік спортшы және 60 Өзбекстан Республикасының спортшылары қатысты.


«Жарыстың 3-күні маңғыстаулық Дмитрий Носков «Выбывание» бағдарламасы бойынша 2-орын иеленді. Осы бағдарламада 1, 3 орынды ресейлік Кирилл Маликов пен Александр Иванов иеленді. Сондай-ақ, Дмитрий Носков «Командная гонка преследования» бағдарламасында 3-орын иеленді» делінген баспасөз мәліметінде.

Айта кету керек, турнир Париждегі «АИ-2024-ке» қатысу үшін халықаралық рейтингтік ұпайларды жеңіп алуға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар