Маңғыстаулық тұрғыннан есірткі мен бірнеше келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық тұрғыннан есірткі мен бірнеше келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 мамыр Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері кинолог мамандармен бірлесіп, қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізу барысында Ақтау қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады.

«Ол - Мұнайлы ауданындағы өнеркәсіптік базада контейнер ішінде құрамында есірткі бар марихуана өсімдігін өсіру бойынша фитонарколабораторияны ұйымдастыру бойынша күдікке ілінді. Контейнерді тінту кезінде 17 бұта, екі банка, екі байлам және 41 қорап марихуана тәркіленді. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы - 351 гр», - деп жазды департаменттен.

Ақтау қаласының аумағында тұрақты тұрғылықты жерін тінту барысында азаматтан жалпы салмағы 3 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Барлық алынған заттар бойынша сараптама тағайындалды.

ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі, 339-бабы 1-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.


Соңғы жаңалықтар