Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Маңғыстаулық түлектер кеш өткізудің орнына мұқтаж жандарға көмектесті

2019 жылғы 17 мамыр 18:11 524
Бөлісіңіз:
Маңғыстаулық түлектер кеш өткізудің орнына мұқтаж жандарға көмектесті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық 3  мектептің түлектері бітіру кешінен бас тартып, қаражатты қайырымдылыққа жұмсады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылмақ Түркістандық азаматтар көпбалалы анаға 2 бөлмелі үй алып берді

Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылы №6 мектептің оқушылары жиналған қаражатты сауапты іске жұмсап, Рамазан айында игі бастама бастады. Ауылдағы жалғызбасты көпбалалы ананың жағдайымен танысып, оған үйіне қажетті төсек жабдықтары, үлкен кілем, ас ішетін стол, ыдыс-аяқ, азық-түлік алып берді.

«Түлектер кешін тойламаймыз деп бірауыздан шештік. Яғни, жиналған қаражатты мұқтаж отбасылардың қажетіне жұмсайық дедік. Ата-аналарымыз да қолдады», - дейді 11-сынып оқушысы Динара Қыдырбаева.

Көзіне жас алған ана қуанышын жасыра алмады.

«Айналайындар, көп раxмет. Жақсылықтарың Алладан қайтсын», - деп ризашылығын білдірді Айман Отарбаева.



Түлектер әрі қарай мектебінде жиналып, аз қамтылған тағы 3 отбасыны қуантты. Біреуінің баласына спорт киімдерін, біріне сауықтыру шипажайына жолдама, тағы бір отбасының баласына лагерьге жолдама алып берді.

Ал, қаладағы №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің түлектері жиналған қаражатты балалар үйіне аудармақ. Осылайша, қамкөңіл бүлдіршіндерді қуантып, Рамазан айында игі бастаманы жалғастырмақ.


Маңғыстаулық түлектер кеш өткізудің орнына мұқтаж жандарға көмектесті 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT