Маңғыстаулық түлектер бітіру кешіне жиналған қаражатты қайырымдылыққа жұмсады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық мектеп бітірушілер ауыр науқасқа шалдыққан Әминаға көмек берді. 

Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-лицейдің 45 түлегі Ораза айында мектеп бітіру кешінен бас тартып, өздері жинаған 400 мың теңге қаражатты ауыр науқасқа шалдыққан 11 жасар Әмина Тәуірбаеваға емделу үшін тапсырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» «Маңғыстау-медиа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2015 жылы бойында қауіпті дерт бар екендігі анықталған Әмина уақыт өткізбей емделгенмен, соңғы кездері оның көру қабілеті күрт нашарлап кеткен. Үйінен білім алатын қызды туыстары мен ата-аналары қыркүйекке дейін Ресейге апарып, дәрігерлерге қаратып келуге бел буып отыр. Әминаның әжесі Мәрияш қайырымды жастарға ризашылығын білдіріп, үлкен өмірге басқан қадамдарына сәттілік тіледі», - деп жазады 7292info.kz

Ал түлектер Рамазан айында мектепті сауапты іспен аяқтағысы келетіндіктерін, мектеп бітіру кеші болмағанмен, достарымен бірге әлі талай кештердің өтетіндігіне сенімді.

Соңғы жаңалықтар