Маңғыстаулық суықта қалған қоқиқазды құтқарды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде қоқиқазды суықтан құтқарған маңғыстаулық тұрғынның видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео авторы суық күнде мұздап ұшып кете алмаған қоқиқазды құтқарғанын айтады. Тұрғын құсты ғимаратқа кіргізіп, қалай жылытып жатқанын таспаға түсірген.

Таспаға қарап тоңып қалған құсты Маңғыстау тұрғыны кен орындарының бірінен тапқанға ұқсайды. Ер адам әлсіреп қалған құсты жылы жерге орналастырған. Құс жылынып күш жинаған соң, видео авторы оны босатып жіберген.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауға қоқиқаздың алғашқы тобы ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз.

Қазір құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған. Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген.



Соңғы жаңалықтар