Маңғыстаулық спортшы қазақ күресінен Азия чемпионы атанды

None
Фото: өңірлік коммуникация орталығы
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық спортшы Нұрдәулет Жарылғапов қазақ күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстанның Джизак қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Онда 11 елдің спортшылары бақ сынады.

Ұлттық құрамада өнер көрсеткен маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов 1 +100 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Нұрдаулет алғашқы белдесуінде үндістандық спортшыны жеңсе, одан кейінгі белдесулерінде тәжікстандық және жапондық спортшыдан басым түсті.


Ұлттық құрама өкілдері жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Жалпыкомандалық есеп І орын – Қазақстан (8 алтын, 3 күміс, 4 қола), ІІ орын – Өзбекстан (7 алтын, 4 күміс, 4 қола), ІІІ орын – Тәжікстан (1 алтын, 5 күміс, 1 қола) алды.

«Қара бура» лақап атымен танылған маңғыстаулық спортшы Нұрдәулет Жарылғаповты облыстық спорт басқармасының басшысы Айбек Имашев, облыстық ұлттық ойындар орталығының басшысы Қайрат Бурбасов, қазақ күресі және дзюдо БЖСМ басшысы Қабыл Бисенқұл және басқа да спорт майталмандары күтіп алды.

Бұған дейін «Қара бура» «Сарыарқа батырлары» республикалық турнирінде де чемпион болған еді. Ал шілдеде «Қазақстан барысына» қатысады.


Соңғы жаңалықтар