Маңғыстаулық спортшы джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

None
Фото: Маңғыстау облыстық спорт басқармасы
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық спортшы Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бангкокта (Тайланд) 25 ақпан күні джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасындағы VII Азия чемпионаты басталды.

Маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек 62 келі салмақ бойынша Азия чемпионы атанды. Спортшы Въетнам, Тайланд, Ирак мемлекетінің спортшыларынан басым түсті.

Сонымен қатар, 57 келіде маңғыстаулық Арай Ұзақбай жарыстың қола жүлдегері атанды.

«Жарыстың алғашқы күндерінде «файтинг-систем» бағдарламасында Қазақстан құрамасы медальдар бойынша жалпы командалық есепте екінші орынға шықты. Джиу-джитсу бойынша Азия чемпионаты 28 ақпанға дейін жалғасады. Жарысқа Азия құрлығының 30 елінен 500-ден астам спортшы қатысуда», - делінген баспасөз мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар