Маңғыстаулық полицейлер есірткі сататын 72 сайтты бұғаттады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Өңірдегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 493 фактісін анықтап, есірткі сататын 72 сайтты бұғаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, жыл басынан бері есірткі саудасына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 493 есірткі қылмысын анықтаған. Нәтижесінде заңсыз айналымнан героин, марихуана, гашиш, апиын және синтетикалық есірткі сияқты 193 келігіе жуық есірткі заттары тәркіленді.

«Облыс полицейлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабын бұзудың 39 фактісін (есірткіге мас күйінде көлік құралын жүргізу), 426-бабын бұзудың бес фактісін (дәрілік препараттарды рецептісіз босату) және 427-бабын бұзудың бір фактісін (есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) анықтады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, есірткі құралдары мен олардың аналогтарын жарнамамен және сатумен айналысатын 72 сайтты тапты. Барлық сайттар бұғатталды. Есірткі заттарын сату бойынша интернет-ресурстарды жарнамалайтын 40 граффити табылды және жойылды.


Соңғы жаңалықтар