Маңғыстаулық оқушылар сегіз күндік жаяу саяхаттан оралды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасының «Тарихқа тағзым» онкүндігіне орай Маңғыстаудағы Түпқараған ауданының оқушылары жаяу саяхатқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға М.Горький атындағы мектеп-лицейінің «Жас турист» үйірмесі қатысты.

«Жаяу жорық - спорттық туризмнің бір түрі. Негізгі мақсат - маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту. Оқушыларым І категория бойынша ұзақтығы 8 тәулікте 145 шақырымды жүріп өтті. Жаяу жорық арнайы көлікті қажет етпейді, кез келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады»,-дейді «Жас турист» үйірмесінің жетекшісі Біржан Жұмашев.

Жаяу жорыққа қатысқан оқушыларға спорттық туризм федерациясынан 3 разряд дәрежесі беріліп, республикаға жолдама алды.

Айта кетейік, Түпқарағандағы М.Горький мектеп-лицейі жаяу жорықты ұдайы ұйымдастырып келе жатқан тәжірибелі білім ошағы ретінде танымал.

Бұл бағытта республикалық байқауларда жүлделі орындар иеленген.



Соңғы жаңалықтар