Маңғыстаулық мұнайшылар Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық мұнайшылар тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс сезімдерін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнайшылар Елбасының еліміздегі бейбітшілікті сақтаудағы ерен еңбегін ерекше атап өтті.

«Біз «ҚазМұнайГаз» ҰК «ӨзенМұнайГаз» АҚ мұнайшылары ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған тұсындағы қиындықтары мен кедергілерден аман-есен алып шығып, әлемдік мемлекеттермен терезесі тең мемлекет құра білгені үшін, алты Алаштың амандығы мен басымызға бейбітшілік орнатқаны үшін алғысымызды білдіреміз»,- деді олар бейнеүндеуде.

«ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның баспасөз қызметі тәй-тәй басқан баладай оң-солын танымаған жас Қазақстанды бүгінгі әлем таныған дәулеті мен сәулеті келіскен дамыған елге айналдырған тұлғаның есімін Астанаға беру шешімін тоғыз мың мұнайшы қолдайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар