Маңғыстаулық мұғалім бос уақытында ағаштан түрлі бұйымдар жасайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Жетібай ауылы №8 мектебі технология пәнінің мұғалімі Айболат Бабаназаров ағаштан қолөнер бұйымдарын жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айболат Бабаназаров ағаштан бұйым жасаумен бала кезінен айналысып жүр.

2002 жылдан бері ауыл тұрғындарының тапсырысымен үй жиһаздарын жасап жүр.

«2015 жылы мектепке технология пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналасқаннан кейін ағаштан түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алдым. Қазіргі таңда өнердің осы түріне шәкірттерімді де үйретіп жүрмін», - дейді Айболат Бабаназаров.


Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алма Мұқанованың айтуынша, Айболат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы», «Үлгілі педагог» сайыстарына оқушылар апарып, жүлделі орындарға ие болды.

«Айболат - өзінің қолынан келетін өнерін шәкірттеріне үйретуден жалықпайтын азамат. Оның шәкірті Ерсайын Бауыржан іске жарамсыз болып қалған қабырға сағатын өңдеп, домбыра нақышында және пластикалық қалдықтардан зымыран мүсінін жасады. Айболат теория мен практикалық дәрістерді ұштастыра біледі», - дейді Алма Мұқанова.


Соңғы жаңалықтар