Маңғыстаулық меценаттар миллиондарын қалай жұмсайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда осы жылы кәсіпкерлердің көмегімен 7 млрд теңгеге түрлі құрылыс нысандары салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлер мен ерікті азаматтарға «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды.

 Әкімдік таратқан хабарламаға қарағанда, «Атамекен» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы облыста 39 жоба меценаттардың көмегімен іске асырылған. Атап айтсақ, аймақ бойынша 12 спорт кешендері мен алаңы, 4 мектеп жанынан жылыжай, 100 орындық отбасылық жатақхана салынған. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің арқасында мүмкіндігі шектеулі адамдарға 11 пәтер сыйға беріліп, 18 тұрғын үй жөнделген және 4 балалар ойын алаңы бой көтерген. 2018 жылы тағы жалпы сомасы 14 млрд 785 млн 60 мың теңгеге есептелген 40 жобаны іске асыру басталды. Жылдың соңына дейін 22 жоба аяқталады деп күтілуде.

Меценаттар мен кәсіпкерлер бас қосқан жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов тағы 29 жобаның іске асатынын айтып өтті.

«Сіздердің көмек және қолдауларыңыздың арқасында, біз 2019-2020 жылдары жалпы сомасы 13,5 млрд теңге болатын 29 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.  Ақтау қаласында спорт сарайының құрылысы, Жаңаөзенде 59 пәтерді жөндеу, Бейнеуде 160 орындық спорт кешен құрылысын салу, Мұнайлы ауданында кітапхана мен мәдениет үйінің құрылысы және тағы басқа құрылыстар салу жоспарлануда»,-деді Ералы Тоғжанов.

Атымтай жомарттарға  «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Үздік ұйым», «Ерен  еріктілігі» аталымдары бойынша сыйлықтар тапсырылды.

 Сонымен, «Жыл меценаты» номинациясы бойынша Есенгелдин Сакен Есенгелдіұлы және Керелбаев Асқарбек Сайынұлы марапатталды. 

«Туған өлке» сыйлығы Лесбаев Мұхат Бердібекұлы, Табылдиев Дүйсебай Аманханұлы және Мұңалбаев Сұңғат Аңшыбайұлына табысталды. Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясын Шакенова Даметкен Асабайқызы, Бимырзаев Иса Ибрайымұлы және  Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы иеленді.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды іске асыруда бас демеушлік жасағаны үшін «Үздік ұйым» номинациясымен Қожанепесов Бақытжан  Мәткерейұлы, Жолдыбаев Асылбек Тұрарұлы және Әбдірахман Қуанышбек Спанұлы марапатталды.

 Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен  еріктілігі» номинациясымен Огай Антонина Вячеславовна, Мурадова Сәнім Ізбасарқызы және  «Үммет жастары» қоғамдық ұйымы марапатталды. Ал «Жыл тұлғасы» атағы өңірге танымал кәсіпкерлердің бірі бірі - Иса Бимырзаевқа берілді.

«Жаңбыр мол жауса, көк шөп көп шығады дегендей. Егер көп табыс тапсам, жан-жағымдарға көмек көрсетуге тырысам. Тапқан табысым тек жақсылыққа бұйырса екен деп ойлаймын»-дейді кәсіпкер Иса Бимырзаев.

null 

Соңғы жаңалықтар