Маңғыстаулық көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Сәуір айынан бастап көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде айтылды.

«Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап Ақтау қаласындағы қоғамдық көлікте және «Ақтау - Мұнайлы ауданы» бағыты бойынша ауданаралық көлік қатынасында, тамыздан бастап Жаңаөзен қаласының қоғамдық көліктерінде көпбалалы аналар тегін жүреді», - деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.
null

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов наурыз айынан бастап «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері мен Батыр аналардың автобуста тегін жүретінін айтқан болатын.

Сондай-ақ, биылғы жылдың екінші тоқсанынан бастап маңғыстаулық көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға 100 мың теңге көлемінде біржолғы төлем берілетін болды. Одан бөлек, маңғыстаулықтар қайтарымсыз гранттар ала алады.

«Биыл мүгедектерге, жетім балаларға және көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға өз бизнесін ашу үшін конкурстық негізде 500 мың теңгеге дейін гранттар бере бастаймыз», - деді өңір әкімі.

Соңғы жаңалықтар