Маңғыстаулық келіншек үшемін ертіп, дауыс беруге келді

None
Фото: Өңірлік коммуникация орталығы
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны «Күміс алқа»иегері Гүлсара Вапаева сайлау учаскесіне 5 жастан асқан үшем Ербол, Нұрбол, Іңкәрмен бірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін ерте тұрып, сайлауға келдік. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмауымыз қажет деп таптық. Өйткені балаларымыздың ертеңі бүгін сайланатын депутаттарға, олар қабылдайтын заңдарға тікелей байланысты.

Балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен таңдау жасадық», - дейді ол.

Бүгінде Гүлсара Вапаева әулеттің түтінін жағып отырған аяулы келін, ардақты ана. Алты баласы бар. Ұл-қыздарының алды 5-сыныпта оқыса, кішісі – бесікте.

Саяси науқанда белсенділік танытқан үшемнің ата-анасына естелік сыйлықтар табысталды.

Жалпы Маңғыстау өңірінде бүгін 247 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр. Оның төртеуі қайта құрылған. 52-нің шекарасы өзгертілген. Облыста 418 002 сайлаушы тіркелген, оның ішінде 20 579 тұрғынның мүгедектігі бар.


Соңғы жаңалықтар