Маңғыстаулық гимнасшылар Израильдегі халықаралық турнирде 8 медаль иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көркем гимнастикадан Израильде өткен халықаралық турнирге қатысқан маңғыстаулық спортшылардың барлығы жүлдемен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Ирина Винердің тұңғыш шәкірті Венера Зарипованың жүлдесі үшін өткен көркем гимнастика турниріне 10 елдің спортшылары қатысты.

Маңғыстау облысынан Дария Жакен (2011 жылы туған), Аяулым Қибасова (2008 ж.т.) және Жансая Жаңбыршиева (2007 ж.т.) қатысты.

Дария жеке бағдарламада екі алтын медаль жеңіп алды.

Жансая Жаңбыршиева жеке бағдарламада екі алтын, бір күміс медаль еншіледі.

Аяулым Қибасова жеке бағдарламада екі алтын және көпсайыс санатында бір қола медальды жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар