+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Маңғыстаулық экоамбассадор: Қаракөл көліне халықаралық мәртебе беру керек

2020 жылғы 5 маусым 21:44
Бөлісіңіз:
Маңғыстаулық экоамбассадор: Қаракөл көліне халықаралық мәртебе беру керек

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық экоамбассадор Әділбек Қозыбақов Рамсар конвенциясы Қазақстан табиғатына қандай пайдасын тигізетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Экология министрі Түркістан облысында су тасқынынан кейін атқарылып жатқан жұмастармен танысты Каспий теңізі туралы фильм Discovery Channel арнасынан көрсетілмек Жамбылдық орманшыларға 20 жаңа техника табыс етілді

Оның айтуынша, 1971 жылдың 2 ақпанында Иранның Рамсар қаласында негізінен суда жүзетін құстар мекендейтін халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер туралы конвенция немесе Рамсар конвенциясы қабылданған. Қазақстанда бұл құжат 2007 жылы күшіне енді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда халықаралық маңызы бар сулы-батпақты 10 алқап бар, жалпы ауданы - 3 281 398 га.

«Орталық Азиядағы Рамсар конвенциясының қағидаттарын ілгерілету үшін бес ел (Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Тәжікстан) арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды күшейту арқылы 2016 жылы Орталық Азияның Рамсар өңірлік бастамасы құрылды. Үлкен аумақты экспресс-бағалау жұмысына менімен бірге Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев пен Ақтау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Бақытгүл Жақсылықова қатысты. Бізге посткеңестік кеңістіктегі ең беделді ғалым-орнитологтардың бірі, профессор Эльдар Рустамов баға жетпес консультациялық көмек көрсетті», – дейді Әділбек Қозыбақов.

Еске сала кетейік, 3 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында «Волонтерлер жылы» аясында экологиялық қауымдастықтар мен волонтерлердің слёті өтті. Маңғыстаулық эковолонтер, биолог Әділбек Қозыбақов Маңғыстау облысы бойынша «ресми амбассадор» болып сайланды.

Ол эковолонтерлікпен 2004 жылдан бері айналысады. Соңғы жылдары ол жергілікті жастарды биоалуандықты сақтау жөніндегі түрлі іс-шаралар мен жобаларға белсенді түрде тартады.

Мысалы, 2016 жылдан бастап жыл сайын қаңтар айының ортасында Ақтау маңында Қаракөл көлінде суда жүзетін және су маңындағы құстардың халықаралық қысқы есебін ұйымдастырып жүр. Синхронды есеп құс түрлерінің санын объективті бағалауға және оларды сақтау бойынша қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның негізгі орнтологиялық аумақтарының бірі ретінде Қаракөл көлін санитарлық тазалау бойынша экологиялық акцияларды жиі ұйымдастырады.

Сондай-ақ, ол Маңғыстау жұртшылығына ақбөкен мүйізін заңсыз сатуға қарсы ауқымды ақпараттық кампаниялардың бастамашысы және ұйымдастырушысы ретінде және Үстірт қорығын ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне номинациялауды қолдаушы ретінде белгілі. Бұл акцияларға жалпы алғанда 3000-нан астам адам қатысты, олар - негізінен оқушылар мен студенттер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT