Маңғыстаулық дзюдошы ҚР күміс жүлдегері атанды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық дзюдошы Нұрбек Қуанышұлы Талдықорған қаласында 2001-2002 жылғы спортшылар (бозбалалар мен бойжеткендер) арасында өткен дзюдодан ашық республикалық жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Жарысқа Астана, Алматы, Маңғыстау облысы, Орал, Шымкент, Қызылорда және Шығыс Қазақстанның спортшылары, сондай-ақ Қырғызстаннан келген екі команда, 17 салмақ дәрежесі бойынша, барлығы 500-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындылары бойынша, маңғыстаулық Нұрбек Қуанышұлы екінші орын алып, күміс медальдің иегері атанды.

«Биылғы жыл табысты басталды. Менің оқушым - Нұрбек жүлдегер атанды. Өткен жылы Нұрбек ҚР Чемпионатына қатысып, онда да күміс жүлдеге ие болған. Енді ол 4-8 ақпан күндері Ақтөбеде өтетін Дзюдодан Қазақстан чемпионатына қатысып, Маңғыстау облысының намысын қорғайды», - деді «Жастар» спорт мектебінің жаттықтырушысы Жомарт Қобыланов.

Соңғы жаңалықтар