Маңғыстаулық дәрігерлер түркиялық туристің өмірін сақтап қалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруxанасының дәрігерлері Түркия азаматының өмірін сақтап қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1972 жылы туған ер адам Бейнеу аудандық ауруxанасының қабылдау бөліміне түскен. Оған жабық ми жарақаты, ми шайқалуы, көкірек тұсының жабық соққысы т.б диагноз қойылған.

Науқастың айтуынша, ол жол апатынан осындай жарақат алған. 2 күн Бейнеу ауданында ем алған соң, облыстық ауруxанаға жеткізілген. Онда травмотологтардың қарауында болып, жақсарған. Қазір азамат еліне қайтуға дайындалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар