Маңғыстаулық дәрігерлер инсульт алған сәбиді құтқарып қалды

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері туғанына 39 күн болғанда инсульт алған нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2022 жылдың желтоқсан айында дүниеге келген сәби 13 қаңтар күні өте ауыр халде балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Нәрестені толық тексерген дәрігерлер «ми қан айналымы жүйесінің бұзылуы» диагнозын қойған.

«13 қаңтарда туғанына 39 күн болған сәби «ми қан айналымы жүйесінің бұзылуы» диагнозымен ауруханаға түсті. Нәрестенің жедел субдуральды гематома, сол жақ миының ісінуі, инсульт алғаны анықталды. Жедел түрде шешім қабылданып, шұғыл түрде ота жасалды. 1 сағатқа созылған ота сәтті өтті»,- деді балалар нейрохирургы Ербол Кенжевалов.

Қазір баланың жағдайы тұрақты. Сәби үйге шығарылған, ата-ананың және дәрігердің бақылауында.


Соңғы жаңалықтар