Маңғыстаулық дәрігерлер басына оқ тиген сарбаздың жағдайын айтты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаулық дәрігерлер басына оқ тиген сарбаздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 30502 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 19 жастағы сарбаздың қазір жағдайы тұрақты. Дәрігерлер оны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр.

Еске салсақ, оқиға 24 қыркүйек күні сағат 17:30 шамасында болды. Оқ жарақатын алған сарбаз әскери бөлімнен жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық орталыққа түскен кезде есін жоғалтпаған, бірақ жағдайы орташа ауыр болған.

Маңғыстау облыстық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Гельман Чагайдың айтуынша, оқ сарбаздың басына тиген. Алайда, бас сүйегін зақымдамаған.

«Науқасты дереу операция бөлмесіне жібердік. Операция сәтті өтті. Оқ алынып, сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Есін біледі, сөйлейді», - деді нейрохирургия бөлімінің басшысы.

Сарбаз дәрігерлерге оқ қызметте жүрген кезінде тигенін айтқан.

«Сарбаздың сөзінше, ол оқтың қалай тигенін түсінбей қалған. Оқ тиген сәтте есінен танып қалған. Кейін ауруханаға әкелген», - деді Гельман Чагай.

Дәрігерлер науқасты аптаның соңына дейін ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар