Маңғыстаулық бүлдіршіндердің 97 пайызы балабақшамен қамтылған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 97%-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезекті аппараттық жиын барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова осылай деп мәлімдеді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жетуі мүмкін. Себебі, облыс бойынша 2520 орындық 20 жекеменшік бөбекжай ашылады. Сондықтан, балабақшамен қамту ойдағыдай жүргізіліп жатыр.

 Айжақсы Тұржанованың айтуынша, «Балапан» бағдарламасы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жыл басынан бері 1100 орындық 13 бөбекжай іске қосылған. Нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 93%-дан 97%-ға дейін артқан.

«Ең бастысы - білім орындары материалдық техникалық базамен толық қамтылды. Бұл мақсатта қазынадан 158 млн 720 мың теңге қаржы бөлініп, компьютерлер, проекторлар мен интерактивті тақталар алынған. Бұдан бөлек, интернет жылдамдығын одан әрі арттыруға 99 млн теңге жұмсалған»,-дейді ол.

Дегенмен, білім саласында шешімін таппаған мәселе бар. Ол - мектептегі кадр тапшылығы. Мәселен, бүгінде 64 мұғалім жетіспейді.

«Көбінде орыс тілді мектептерге маман жетіспейді. 64 маман ішінде солар бар. Өңірге маман тарту үшін БҚО мен Ақтөбе облыстарындағы ЖОО-мен меморандум жасалды»,-дейді Айжақсы Тұржанова.

Соңғы жаңалықтар