+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Маңғыстаулық белсенділер Ыбықтысай шатқалынан 3 тонна қоқыс шығарды

2021 жылғы 27 шілде 18:45
Бөлісіңіз:
Маңғыстаулық белсенділер Ыбықтысай шатқалынан 3 тонна қоқыс шығарды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «Өз елімде із қалдырмай sayahattime» науқаны жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 60 келіден астам шаян табылды Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-дағы экологиялық мәселе бойынша тапсырма берді Экологиялық акция: Қазақстанда 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

Еріктілер, өңірдің белсенділері мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері Ыбықтысай шатқалы маңында сенбілік ұйымдастырды. 50-ге жуық қатысушы бір күнде 3 тоннаға жуық қоқыс жинады.

«Бұл акция қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысуға бағытталған. Өкінішке қарай, қазір табиғат аясына демалуға шыққан кей адамдар қоқысын жинамай, тастап кете береді. Соның салдарынан мекеніміздің көрнекті жерлері зардап шегеді. Сондықтан біз осы арқылы жастарға, жалпы қала тұрғындары мен қонақтарына үлгі көрсеткіміз келеді. Қала тұрғындарын табиғатымызды аялап, тазалықта ұстауға шақырамын», - дейді экобелсенді Сабина Бейсембаева.


Бұдан бөлек белсенділер Сайын - Шапағат кентінде Каспий жағалауын тазарту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 70 дорба қоқыс жиналды.

«Акцияның мақсаты - теңіз жағалауын қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу мен қоғамның назарын экология мәселелеріне аудару»,- дейді акцияға қатысушы Хитеш Вадодария.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT