Маңғыстаулық балалар нейрохирургі 200-ден аса ота жасаған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов талайдың алғысын арқалаған дәрігердің бірі. Ол 9 жылдың ішінде шамамен 10 мыңнан астам балаға медициналық көмек көрсеткен. Оның 200-ге жуығына ота жасады,-деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Облыстағы жалғыз нейрохирург балалар ауруханасында жұмыс істейді. Оған қоса, перинаталдық орталықтарда жаңа туған сәбилерді емдейді. Ал, шалғайдағы ауылдардан шақырту келсе, санитарлық авиациямен ұшып барады.

«Аптасына 2-3 шақырту болады. Бейнеу, Жаңаөзен және т.б аудандарға барып, ота жасайтын кезім болады. Шақыртулар күндіз-түнге қарамайды. Негізгі жұмыс арасында да кете береміз. Көбінесе балалар арасында биіктен құлау, көлік соғу сияқты жағдайлар тіркеледі. Аяқ астынан алған жарақаттар үшін баруға тура келеді. Себебі, дереу алғашқы көмек көрсетіп, зардап шегушінің жағдайын жақсарту - парызым», - дейді балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов.
null

Дәрігер балалар арасында белең алған миға су жиналу, қабыну, туа бітті жұлын ақаулары сияқты күрделі ауруларды ота арқылы емдейтін тәжірибелі маман. Күнделікті жұмысы қарбаласпен өтетін дәрігер осы мамандықты таңдағанына еш өкінбейтінін айтады. Керісінше, заман талабына сай, медицинадағы жаңа технологияны меңгеріп, тағы да біраз науқастарды аяққа тұрғызатынына сенімді.

null

Соңғы жаңалықтар