Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұнайгаз саласы мен көлік логистикасын жаңғыртудағы еңбегі зор. Бұл маңғыстаулық 40 мың жұмысшының пікірі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар өңір экономикасының қарыштап дамып, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуында Елбасының атқарған еңбегі өлшеусіз екендігін айтады.

Н.Назарбаевтың стратегиялық жоспарының арқасында облыста жаңа автомобиль, теміржолдар мен теңіз порттары салынып, Еуропаға тікелей жол ашылды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылды.

​Елбасына алғыстарын жеткізгендердің қатарында мұнайшылар, құрылысшылар, теміржолшылар, кәсіпкерлер мен зауыт жұмысшылары бар.

​«Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнай», «Қарақұдықмұнай», «Бозашы Оперейтинг ЛТД» сынды ірі мұнайгаз компанияларының 20 мыңдай еңбеккері Елордаға Елбасының есімін беруді құптайтындарын жеткізді.

​«Альянс ЛТД», «Оңдасын строй, «Ақжол құрылыс», «Ас құрылыс», «Макс КМ», «Ақтау строй», «Кезби», «Каспий цемент», «Қаз Азот», «Ақтау НШ», «Айком», «СМК» құрылыс мекемелері мен өндіріс ошақтарының ұжымы да еліміз үшін маңызы зор тарихи шешімді қолдап отыр.

«Маңғыстау құрылыс саласында 2018 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 1 миллион 200 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Бұл Елбасының бастамасымен іске асырылған «Нұрлы жер» мен «Нұрлы жол» бағдарламасының жемісі»,-дейді құрылысшылар.

​Ал, бизнес өкілдері киелі Маңғыстау өңіріндегі орта және шағын кәсіпкерліктің өркендеуі мемлекет тарапынан жасалған қолдау шараларының нәтижесімен байланысты екенін айтады.

«Атамекен» ҰКП Маңғыстау облысындағы филиалының 7 мың өкілі де астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін оң шешім деп бағалап отыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК аймақтағы 5 мыңға жуық қызметкері де Тұңғыш Президенттің ерен еңбегіне алғыстарын жеткізді.
null
null null
null

Соңғы жаңалықтар