Маңғыстауға келетін туристер саны 177 мыңнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Маңғыстауға келген туристер саны шамамен 177 мыңнан асты. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, Маңғыстау – еліміздегі туризмді дамытуға қолайлы аймақтардың үздік ондығына кіреді. Ақтау қаласында жағажай туризмін, ал аудандарда эко-этнотуризмді дамытуға мүмкіндік зор. Бүгінде өңірдегі туризмді өркендету мақсатында кешенді жоспар жасақталып, саланы жетілдіру бағыты айқындалды. Осы жұмыстың нәтижесінде биыл өңірімізге 117 мыңнан астам турист келген. Оның 67 мыңнан астамы шілде айында ашылған «Риксос Ақтау» қонақ үй демалыс кешеніне келгендер. «Риксос Ақтау» жобасы Орталық Азиядағы курорттық типтес ең ірі отель. Бұл жоба аймақ туризімнің дамуына тың серпін берді.

«Осы жылдың 2-ші тоқсанында осы туризм саласында 1 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Биыл өңірге 177 мың турист келген. Оның басым бөлігі жаз айларында қыдырып келген. Ақтау қаласының «Жылы жағажай» теңіз курорттық аймағын инфрақұрылыммен қамту мақсатында Үкіметтің қолдауымен 17 млрд теңгеге 31 шақырым жол салынды. 2020 жылдың 1-жартысының қорытындысымен туризм саласына салынған инвестиция көлемі 68,7 млрд теңгені құрап, 3,7 есеге артты», - деді облыс әкімі С. Трұмов.

Өңірде жылы жағажайда жобаларды іске асырудың екінші кезеңі басталды. Онда 5 қонақ үй салынады. Қазір үшеуінің құрылысы басталып кетті. Жылы жағажайда жаңа қонақ үйлер, гольф клуб, тақырыптық ойын-сауық саябағын салу жоспарланған. Жалпы жоба құны 1.2 млрд АҚШ доллары.

«Мұның барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Өздеріңіз білесіздер 2018 жылы Ақтауда өткен Самитте Елбасы Ақтау - теңіз курортына айналуы тиіс деп, курортты аймақты дамытуды тапсырған болатын», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар