Маңғыстауға биыл қызғылт қоқиқаз мезгілінен бұрын ұшып келді

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Блогер, видеограф Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желіде қоқиқаздар көлдің бетінде ұшып жүрген әдемі бейнесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 қыркүйек күні кешке 18:00 шамасында Қаракөлден түсірдім. Осы жылы құстар ерте келді. Олар қарашаның ортасына дейін осында болады. Сосын ары қарай Иран, Түрікменстанға ұшып кетеді» - деді блогер Азамат Сәрсенбаев.

Қызғылт қоқиқаз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және әлемде оның 10-нан астам түрі кездеседі.

Қоқиқаздар Маңғыстауға бұдан бұрын ақпан айында келген еді.


Соңғы жаңалықтар