Маңғыстаудың туристік инфрақұрылымын дамытуға 400 млрд-тан астам инвестиция тарту көзделіп отыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы – Қазақстанның туризмді дамытуға қолайлы үздік 10 аймағының қатарында. Биыл аймақтың туристік инфрақұрылымын дамытуға 400 млрд-тан астам инвестиция тарту көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021-2024 жылдар аралығында туризм саласында 2 590 жұмыс орны құрылатын 12 жоба іске асыруға жоспарланған. Оның ішінде биыл 500 астам жұмыс орны ашылатын 6 жоба өз жұмысын бастайды. Оның төртеуі Ақтаудағы жылы жағажай аумағында іске асырылады. Сонымен қатар Түпқараған ауданында «Сартас» визит орталығын салу да көзделуде.

«Жалпы 2021 жылы Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында жалпы сомасы 1800-ден астам жаңа жұмыс құрумен 322,4 млрд. теңгеге 20 жобаны іске қосу жоспарлануда. Осылайша, курорттық аймақты дамытудың 2-кезеңі басталады», - деді өңір тұрғындарына онлайн форматта есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов.


Соңғы жаңалықтар