+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Маңғыстаудың Түпқараған ауданы МӘМС жүйесімен жұмыс істеуге дайын

2020 жылғы 10 қаңтар 03:21
Бөлісіңіз:
Маңғыстаудың Түпқараған ауданы МӘМС жүйесімен жұмыс істеуге дайын

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Аймақтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындығын қамтамасыз ету үшін республикалық жедел штаб өкілдері Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
МӘМС: Өз мәртебеңді қалай анықтауға болады Елорда емханаларына 1,1 млн адам тіркелген МӘМС жүйесінің артықшылықтары қандай

Жұмыс тобына төрағалық ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбековке жүктелген.

Топ құрамында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ IT бойынша басқарушы директоры Нұрбол Жұмаділда, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан университеті ректорының Стратегиялық даму және халықаралық серіктестік жөніндегі проректоры Бақтияр Серік, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау филиалының директоры Руслан Бектубаев болды

Олар аудандық ауруханада және емханада болып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жүзеге асырылу барысымен танысты. Биылдан бастап аудан тұрғындары екі түрлі медициналық пакет бойынша көмек алады. Аудан тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған. Әр адам емханаға немесе ауруханаға барып, жеке басын куәландыратын құжат арқылы базадағы статусын анықтап, соған сәйкес қызмет ала алады. 30 мыңнан астам халқы бар аудан бойынша бүгінде статусы анықталмаған 150 адам қалып тұр.

Түпқараған аудандық ауруханасының директоры Бақыт Шалабаеваның айтуынша, аудан МӘМС бойынша жұмыс жасауға толыққанды дайын. Айта кету керек, бүгінде орталық аудандық аурухана 30617 халыққа қызмет көрсетеді. Аудан бойынша емдеу-сауықтыру мекемелер саны – 7. Атап айтқанда, орталық аурухана, емхана, Таушық дәрігерлік амбулаториясы, Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясы, Баутин дәрігерлік амбулаториясы, Қызыл-өзен ауылы фельдшерлік-акушерлік пункті және Сайын Шапағатов дәрігерлік амбулаториясы. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 76066 қатысу жасалып (посещение), 1145 науқас стационардан ем алып шыққан. 2473 науқас күндізгі стационардан ем алса, 34 науқас үйдегі стационардан ем алған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысы барысында Маңғыстау облысы бойынша МӘМС қорымен бірлесіп, жоспар құрылған. Түпқараған орталық аудандық ауруханасы қызметкерлері қатарынан халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмысына жауапты тұлғалар бекітіліп, елді мекендерге бөлінген. Бекітілген кестеге сай Форт-Шевченко қаласы, Таушық, Баутино, Аташ, Қызыл-Өзен, Сайын Шапағатов, Ақшұкыр ауылдарының тұрғындары, мемлекеттік ұйым қызметкерлері және жеке сектор өкілдерімен кездесу өткен.


Кездесу барысында денсаулық сақтау саласында міндетті медициналық сақтандыру, халық денсаулығын қорғаудағы мемлекеттік саясат, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеттері, болашақтағы жұмыстар сөз болды.

Сонымен бірге «Қаламқас» кен орнындағы өндірістік компания қызметкерлерімен де кездесу өткізілген.

МӘМС туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында ақпарат таратудың барлық құралдары қолданылуда. Аудандық аурухана базасында МӘМС бұрышы ашылған, Форт-Шевченко қаласында 2 билборд орнатылған, аудандық газет беттерінде бірнеше мақала жарияланған. Қосымша «real time» режимінде, яғни банк бөлімшесінде, халыққа қызмет көрсету орталығында, жұмыспен қамту орталығы және басқа дахалық көп шоғырланатын орындарда ақпарат берілген.


Сондай-ақ, аудандық аурухана қызметкерлерінің МӘМС бойынша негізгі сұрақтарын түсіндіру қабілеті мен білім деңгейін анықтау мақсатында аттестация жүргізілген.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT