Маңғыстаудың қай саласында жемқорлық фактілері көп

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Өңірде соңғы 2 жылда 211 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркеліп, қазынаға 960 млн теңге залал келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылы әр түрлі саладағы 92 қызметкердің қылмысы әшкереленген. Оның 10-ы облыстық деңгейдегі басшылар. Ал, 24-і әр түрлі деңгейдегі қызметтегі мамандар.  Сотқа 183 қылмыстық іс жолданып, 48-і сотталды. Ашып айтсам,  анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары ішінде 91-і пара алу бойынша, алаяқтық 54, бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша - 40, өкілеттілігін асыра пайдалану-23 іс тіркелд»,-дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Елдос Сағиев.

Облыста жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметшілер пара алу бойынша көш бастап тұр. Мәселен, 58 факт осы секторда тіркелген. Екінші орында мемлекеттік сатып алу бойынша 29 іс есепке алынған. 

Елдос Сағиевтің айтуынша, әлеуметтік қорғау және қамту саласында 22, тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласында 13 іс тіркелді. Мысалы, білім саласында жұмысқа орналасу үшін заңсыз қаржылай сыйлық алғаны үшін басшыға соттың шешімімен 1 млн 50 мың теңге айыппұл салынған.

Бұрынғы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мен орталық су құбыры жүйесінің директорына қарсы пара алу факісі бойынша іс қозғалған. Олар қазынадан «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында субсидия ретінде бөлінген қаражаттан 50 млн теңге жымқырды деген айыппен, 5 және 6 жылға бостандығына шектеу қойылған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер тәртіп бұзғаны үшінде жауапқа тартылыпты.

Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі парақшаларында әдепке жат қылық суреттерді жүктеген мемлекеттік қызметшілерге ескертулер жасалды. Олардың есімдері жиында аталып, суреттері көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар