Маңғыстаудың Қарақия ауданында оттегі стансасы салынды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қарақия ауданының Құрық ауылында оттегі стансасы салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарақия аудандық әкімдігіне сілтеме жасап.

Аудандық орталық аурухана директоры Гүлшара Бегниязованың айтуынша, мердігер мекеме аурухана жанынан бой көтерген оттегі стансасының құрылысын 10 күнде аяқталған. Мұнда 5 бөлімше бар. Әр төсек орынға оттегі жеткізу қамтамасыз етілді. Оның ішінде терапия бөлімшесіне 14, хирургия бөлімшесіне 8, балалар бөлімшесіне 8, босандыру бөлімшесіне 8, жұқпалы аурулар бөлімшесіне 12 орын оттегімен қамтамасыз етіледі.

«Сонымен қатар Жетібай ауылдық ауруханасының жанынан да осындай оттегі газдандыру стансасының құрылысы басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан бөлінген қаражат есебінен салынған бұл станса індетке шалдыққан, тыныс алуы қиындаған науқастарды емдеуге бағытталады», - деді Гүлшара Бегниязова.


Соңғы жаңалықтар