Маңғыстаудың ауданы балаларды балабақшамен 100% қамтып отыр

None
None
АҚТАУ. Қазақпарат - Қарақия ауданында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 100 % балабақшамен қамтылған, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2020 жылға дейін 3-6 жас аралығындағы барлық бүлдіршінді 100 % балабақшамен қамту жоспарланған болатын.

Қазір аудан бойынша 15 мемлекеттік, 3 жекеменшік әріптестіктегі балабақша және 2 шағын орталық бар. Аталған балабақшаларда 3-6 жас аралығындағы 2024 бала қамтылса, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныбында - 875 бала білім алуда.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, бүгінде аудан бойынша 3-6 жастағы кезекте тұрған бала жоқ.

Соңғы жаңалықтар