Маңғыстаудағы шаңды дауыл пойыз жылдамдығына әсер етті

Фото: None
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шаңды дауыл Бейнеу-Маңғыстау аумағындағы пойыздардың жылдамдығы сағатына 25 шақырымға шектелді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолға» сілтеме жасап хабарлайды.

Осы себепті Ақтөбе-Маңғыстау бағытындағы №110 пойыз Маңғыстау станциясына 42 минутқа кешігіп жетті.

Өткен тәулікте аталған учаскедегі жолды құмнан таразтуға 2 арнайы жабдықталған жол техникасымен 30 адам жұмылдырылып, 3 шақырым жол қалпына келтірілді.

Еске салсақ, кеше Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, көрудің қиындауына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды.



Соңғы жаңалықтар