+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Маңғыстаудағы мейрамханада 300 адамға арнап той жасаған кәсіпкер жазаланды

2021 жылғы 1 тамыз 14:20
Бөлісіңіз:
Маңғыстаудағы мейрамханада 300 адамға арнап той жасаған кәсіпкер жазаланды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданында орналасқан мейрамханада 300 адамға арналған той тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 11 адам суға кеткен Қасым-Жомарт Тоқаев: Маңғыстау өңірінде еңбек даулары өршіп тұр Маңғыстаудағы мектептер бейнебақылау жүйесімен толық қамтылған ба

Той ұйымдастырушылары мониторинг тобының мүшелеріне «келісуді» ұсынған. Мұнайлы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, өңірдегі мейрамханалардың 85% осы ауданда орналасқан. Бүгінде салтанатты мерекелер өткізуге арналған 46 мейрамхана бар. Мәселен кеше мониторингтік топ мүшелері «Baiterek» мейрамханасында той тойлап жатқан қонақтарды үйлеріне қайтарды. 300 адамға арналған үйлену тойы екен.

«Мониторинг тобының жұмысы барысында өзін құзыретті органдардың қызметкері ретінде таныстырған белгілі бір азамат жағдайды шешіп, топ мүшелерімен «келіскісі» келді. Мұны істеу мүмкін болмады. Мейрамхана иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Материал Мұнайлы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жіберілді», - деді баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT